Шымкентте ашыққан аюлар зообаққа өткізілді

Ашыққан аюлар зообаққа жеткізілді. Умка мен Барни енді хайуанаттар бағындағы бір торда тіршілік етеді.

Иесі алдымен жыртқыштарды сатпақ болған екен. Бірақ құжаттары болмаған. Ал қалалық цирк бұл жануарлардан бас тартып отыр. Енді оларға тамақ тауып беру қиындаған. Сол себепті қолға үйренген аюларды иесі хайуанаттар бағына өткізуді ұйғарыпты. Бұл Шымкентте болған алғашқы жағдай емес. Естеріңізге салсақ, жыл басында зообаққа екі арыстан өткізілген еді.

Бақыт Мұсалиев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы: 

- Зоопаркке беру барысында аюлар өзін басқа аюларды көруден және басқа бөтен иістерді сезуден өздерін шок состояниеде ұстады. Содан өз дрессировщигі дейміз өзінің тәрбиелеушісін тыңдамай, сәл дұрыс еместеу ұстады. Кейін ортаға үйреніп, баяу зоопаркке үйреністі. Азықтана бастады.