«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысының ісіне қатысты куәгер саны азайды

«СК Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісіне қатысты сотқа шақырылатын куәгерлер саны қысқарады.

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев айыптау актісіне қатысы жоқ куәгерлердің тым көп екенін ескертті. Бұған дейін тізімге 500-ге жуық куәгер алынған еді. Ал тағылған айыптардың бірі компанияның қорғаныш киімін былтыр уақытылы жеткізбеуі салдарынан медицина мамандары жаппай коронавирус жұқтырған.

Атап айтқанда, Алматыда 562, елордада 200, Шымкент пен Қарағандыда жетпістен астам медицина қызметкері жұмыста жүріп дертті болған. Бұған расымен қорғаныш киімдерінің тапшылығы себеп болды ма? Мұны алдағы сот көрсетеді.