Семейлік кәсіпкерлердің текетіресінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Семейде кәсіпкерлер арасында туындаған даудың басылар түрі көрінбейді. Бүгін бір топ бизнесмен Алматыда журналистерді жинап, жиын өткізді.

Олардың айтуынша, Серікжан Әлкеев есімді кәсіпкер жала жауып, бұларды негізсіз айыптаған. Яғни «билікпен ауыз жаласты, соның арқасында өңірдегі барлық тендерді ұтып отыр» деген ол. Ал жиын өткізген бизнес өкілдері мұның барлығын жоққа шығарды. Олар тіпті әлгі адамды сотқа бермек. Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Еске салайық, осыдан 1 апта бұрын шығыстағы кәсіпкерлер Мемлекет басшысына ашық хат жолдаған болатын. Олар тендердің әділ бөлінбейтініне наразылық білдірген. Кәсіпкерлер аймақта бюджет қаражатын жымқыру механизмі жұмыс істейді деп мәлімдеді. Ал осы мәселені айтып, шағымданғандар қуғынға ұшыраған.

Серікжан Әлкеев, кәсіпкер:

- Қазіргі күнде 3 мың адам қол астымда жұмыс істейді. Жалақыларын төлейміз. Жағдайын жасаймыз. Бәрін айтпаймын бәрін. Кейбір адамдар бұл моральді деградированный дейді.