Таразда XVII облыстық дельфий ойындары аяқталды

Таразда жастар арасында 17-ші облыстық дельфий ойындары аяқталды.

Оны ұйымдастырудағы мақсат – ауылды жерлерде жүрген талантты да дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету. «Бұған дейін облыстық іріктеуден сүрінбей өткен өрендер республикалық ойында Жамбыл облысының намысын сәтті қорғап келген еді. Бұл жолы да оларға сондай мүмкіндік беріледі деген ойдамыз», – дейді шараны ұйымдастырушылар. Бұл жолғы облыстық дәстүрлі дельфий ойындарында 200-ге жуық қатысушы 13 аталым бойынша бақ сынады. Жеңімпаздарға қалалық мәдениет үйінде өткен салтанатты шара барысында арнайы дипломдар мен жүлделер тапсырылды.

Айбек Қанатұлы, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры;

Барлық аудандар қамтылды. Оның ішінде Тараз қаласы бар. Жалпы 9 номинация бойынша байқау ұйымдастырылды. Ол халық әні, эстрадалық әндер, баян, аккордеон, прима тағысын тағы. Төрт жерде өткізілді. Әлі белгісіз болып тұр. Республикалық байқау ұйымдастырылған жағдайда біздің облыстық жеңімпаздар республикаға жолданатын болады.