Еліміздің қай өңірлері «қызыл» аймақта тұр?

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, –деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта бұрынғыша Нұр-Сұлтан қаласы тұр. «Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.