424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында мотоцикл мінген бала апатқа ұшырады

  • 178
Павлодар облысында мотоцикл мінген бала апатқа ұшырады pavlodarnews.kz

Ақтоғай ауданында түн ішінде мотоциклмен шыққан бала ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 10 маусым күні сағат 22.43-те Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылы маңындағы дала аймағында «LTM 175» мотоциклінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай және рульді басқара алмай қалып, аударылып кеткен. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері тексеру барысында Әуелбек ауылы ЖОМ 7-сынып оқушысы, 12 жастағы кәмелетке толмаған баланың кеш уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз шыққанын анықтады. Бұған қоса, ешқандай құқықтары мен жүргізу дағдылары да болмаған», – деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жүргізілген тексерістен басқа, кәмелетке толмаған баланың ата-анасының мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Полицейлер өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін сақтау керектігін ескертеді. 

Хабар 24 телеарнасы