424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Ел не дейді?

  • 251
  • UPD: 19:51, 12.06.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланған соң «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұқара базынасы билікке бірден жетуін қатаң қадағалаңдар» деп тапсырма да берген. Осы екі жылда Мемлекет басшысы талай тың бастаманы іске асырды ғой. Соған ел не дейді?

Дастан Сейілханұлы, тілші:

- «Антқа адал, сертке берік боламын». Президент бұл сөздерді осыдан 2 жыл бұрын айтқан еді. Ұлықтау рәсімі ту сыртымдағы тап осы сарайда өткен. Содан бері не өзгерді? Рас. Қасым-Жомарт Тоқаев ең күрделі кезеңде келді. Арыста жарылыс болды. Қордайда қан төгілді. Мақтаралды су басты. Ол аздай, былтыр індет келіп алқымнан алды. Кейде «от ішінде қалған мақтадай» деп бейнелеп сөйлегің келеді. Бұқара не дейді екен? Бізге сол маңызды.

«Еститін мемлекет құрамыз» дегенде құрақ ұшып қуанғандар көп болды. «Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа саяси бағыт ұсынды» деп жүрген сарапшылар сөз сөйлеген. «Бұған дейін елде болмаған дүниелерге куә болдық», деп жатты. Бірақ тоқмейілсуге болмайды. Мемлекет басшысы да мұны жиі айтады. Бұқараның да базынасы бар емес пе?!

Тұрмыстың тіктелгенін, жағдайдың жақсарғанын қалайды жұрт. Бастысы – елде тыныштық болсын деп отыр. Татулық барда тұрақтылық боларын жақсы біледі. Ал тұрақты елдің дамудың даңғыл жолына түсетіні тағы бар. Отыз жылдық межеге жеттік. Оны да бір белес деп ұққандар бар. Бірлігі бекем болған ел алдағы асудан да өтеді.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы