424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында қырықтықшылар жарысы қайта жанданды

  • 160
  • UPD: 19:55, 12.06.2021

Ел жадынан ұмыт бола бастаған сайысты «Shopan ata» мал өсірушілер қауымдастығы қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Малшылар күні» мерекесіне арналған іс-шараға еліміздің төрт облысынан келген 20- дан аса қырықтықшы қатысты.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Қырықтықшылар бәсекесіне келгендердің бірі – атыраулық Гинетулла Жұмашев. Ол қой қырқудан 1982 жылы өткен ел чемпионатының жеңімпазы.

Гинетулла Жұмашев, жарысқа қатысшы:

- Жастарды қолдайын деп жасымыз 63-ке келді. 30 жасымызда қалай қырықтық, үлкейгенде қалай екен екі ортасы. Қалай дегенімен, үлкендік жеңеді екен.

Жарысқа қатысушылардың әрқайсысы 15 қойдан қырықты. Олардың жұмысы жылдамдығы мен сапасына қарай бағаланды. Ең үздік нәтижені Жамбыл облысынан келген Нұрбол Кен көрсетті. Ол орташа есеппен бір жарым минутта бір қойдың жүнін сыпырып тастады.

Нұрбол Кен, жарыс жеңімпазы:

- Құм болды, өтпеді мәшине. Қой әдемі болғанда одан да аз қырқатын ба едім. 27 минутта лақтырдым.

Байқау ротациялық жайылым алаңда ұйымдастырылды. Жиналған көпшілікке мал шаруашылығына қатысты инновациялық технологиярмен қой бағудың тың тәсілдері көрсетілді.

Алмасбек Садырбаев, «Shopan ata» мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы:

- Жұмысымыздың барлығы қазақтың мал шаруашылығын әлемдік деңгейге көтеру. Шөптеріміз бұл Еуропадан әкелінген, Голандиядан әкелінген сейілкамен Еуропадан келген арнайы шөптің 13 түрлі тұқымы. Осыған біздің малымыз қалай жайылып жүр. Біздің малшымыздың жұмысы не? Біздің малшымыздың жұмысы қонақ күту. Оның жұмысы жоқ малды бағу деген. Біз өйткені Еуропадағыдай қоршадық. Суардық. Бұл деген жаңа технологиялар. Біз соны көрсетіп, үйретіп насихаттаудың бір амалы.

Жарыс жеңімпазы құны мың еуро тұратын қой қырқатын құрылғы мен ақшалай сыйақыға ие болды. Жүлдегерлерге де қаржылай сертификаттар табыс етілді.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Келесі жылы бұл жарыс халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылмақ. Соның негізінде үздіктер анықталады. Олар әлемдік деңгейдегі қой қырқушылар жарысына қатысатын болады.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Жеңіс Әбдірешов

Хабар 24 телеарнасы