Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметтегі сарбаздармен кездесті

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Семей және Жаңғызтөбедегі әскерилермен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство басшысы механикаландырылған және артиллерия бригадаларының оқу-материалдық базасымен танысты. Қоймалар мен сақтау базалары жанындағы тыйым салынған аудандардың шекараларын нақтылау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұдан бөлек, оқ-дәрі сақтау қоймаларының диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын тексерді. Нұрлан Ермекбаев сондай-ақ әскери нысандарға жақын орналасқан шаруашылық субъектілерімен жұмыс жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз іс-қимыл ұйымдастыруды ескертті.

Әділет Арысбек, 28738 Ә/Б мерзімді әскери қызмет сарбазы:

- Осы менің сарбаздар, өзімнің қызметтестерім осы кездесуден кейін жақсы әсер алып, Отан алдындағы борышымызды өтеуге серпін алдық.