Алматыдан 379 шақырым қашықтықта жер сілкінді

12 маусым күні ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі сейсмикалық стансалар желісінде Алматы уақытымен 21 сағат 57 минутта жер сілкінісінің тіркелгендігін хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 379 шақырым жерде Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.8.

Магнитудасы: 4,4

Тереңдігі: 10 шақырым

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.