ШҚО-да әуежай қайта жаңғыртылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы әуежай қайта жаңғыртылып жатыр.

Оған мемлекет қазынасынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 4 жарым миллиард теңге бөлінген. Жоспар бойынша ұшып-қону алаңы ұзартылып, жолаушылар терминалы да заманға сай жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, дыбыстық және жарық жүйелері де озық қондырғылармен жұмыс істейді. Яғни әуежай түнгі уақытта да әуе кемелерін қабылдай алады. Мұның барлығы аудан экономикасын, әсіресе туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді дейді мамандар.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

– Бүгінгі күні әуежайда 50-ден стам техника, 100-ге жуық адам жұмыс атқаруда. Осы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. қазіргі жолақтың ұзындығы 1510метр, 2100 метрге ұзаратын болады. Эмбраер, Сиджиер әуе кемелері, тағы сол типті үлкен жылдамдықта ұшатын әуе кемелері бізге қонуы керек.