423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда арамен емдеу бағыты дамып келеді

  • 133
Павлодарда арамен емдеу бағыты дамып келеді

Ертіс өңірінің омарташылары арамен емдеу бағытын дамытып жатыр.

Аймақта апитерапиямен емделіп жүргендердің қатары біртіндеп артып келеді. Емдеудің ерекше түрін облыстағы ірі бал шаруашылықтарының бірі қолға алған. Сала мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта ем іздеп келетіндердің көбі - 35 жастан асқандар. Терапия барысында азаматтар ара уымен қатар аналық сүт пен ара желімін де қабылдайды. Яғни, кешенді процедуралардан өтеді. Ем-домға қажет ара мен бал облыс аумағындағы шаруашылықтардан әкелінеді. Омарташылар емдеу қызметтерімен қатар 20-дан астам бал түрі мен өзге өнімдерін ұсынады. Мақсат - өңірдің балын отандық брендке айналдыру. Биыл араның асыл тұқымды «карпат» түрі өсіріле бастады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруалар бал өндірісін айтарлықтай кеңейтпек. Өнімді шетелге тасымалдауға бел буып жатқандары да бар.

Марина Сандалова, апитерапевт:

– Бұл жәндіктерден қорықпау керек. Емдеу барысында араның шағуы қауіпті емес. Пациенттер алғашқы аптада-ақ оң нәтиже байқайды. Ұзақ курс 1,5-2 айға созылады. Алғашқы курста 150-200 ара шағу керек. Бұл – ғылыми тұрғыдан дәлелденген емдеу әдісі. Мәселен, апитоксин деп аталатын ара уының құрамында пептидтер, аминқышқылдары, дәрумендер көп. Адам ағзасына пайдалы.

 

 

Хабар 24 телеарнасы