Павлодарда арамен емдеу бағыты қарқынды дамып келеді

Ертіс өңірінің омарташылары арамен емдеу бағытын дамытып жатыр.

Мұны облыстағы ірі бал шаруашылықтарының бірі қолға алған. Келетіндердің көбі – 35 жастан асқандар. Ара мен бал облыс аумағындағы шаруашылықтардан әкелінеді. Омарташылар емдеу қызметтерімен қатар, 20-дан астам бал түрі мен өзге өнімдерін де ұсынады.

Марина Сандалова, апитерапевт:

– Бұл жәндіктерден қорықпау керек. Емдеу барысында араның шағуы қауіпті емес. Пациенттер алғашқы аптада-ақ оң нәтиже байқайды. Ұзақ курс 1,5-2 айға созылады. Алғашқы курста 150-200 ара шағу керек. Бұл – ғылыми тұрғыдан дәлелденген емдеу әдісі. Мәселен, апитоксин деп аталатын ара уының құрамында пептидтер, аминқышқылдары, дәрімендер көп. Адам ағзасына өте пайдалы.