Қырғызстан мен Тәжікстан Қазақстанға қосымша 645 млн текше метр су жібереді

Қырғызстан мен Тәжікстан Қазақстанға қосымша 645 млн текше метр су жібереді.

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бұл оңтүстіктегі суармалы аймақтардың мәселесін аз да болса шешуге көмектеседі. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Жергілікті шаруаларға жағдайды барынша түсіндіріп, суды тиімді пайдаланудың кестесін жасау қажет. Бір ғана Түркістан облысының өзінде 440 мың гектар егістік бар. Суға деген сұраныс та артып келеді. Ал қазір бәрі Сырдария өзеніне құятын Достық, Зах, Ханым мемлекетаралық каналдарына байланысты, дейді министр.

Айта кетейік, биыл Шардара су қоймасына жиылған су көлемі былтырғымен салыстырғанда 550 млн текше метрге аз.

Мерлан Керімжанов, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының директоры:

- Дарияда бізде 200 метр секундына су келіп отырғанда бізде су тапшылығы болмау керек. Дариядан бөлек менің айтып отырғаным Жетісай өңірі, Мақтаарал ауданына келетін Достық каналы бар. Сол Достық каналынан бізге 50 куб секундына келетін болса, біз өз жағдайымыздан шығамыз. Қазіргі таңда бізде 70 пайыз ғана су беріліп жатыр.