424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада донорлар азайып барады

  • 166
  • UPD: 09:33, 14.06.2021

Қызылордалық дәрігерлер донорлар азайды деп дабыл қағуда.

Облыстық қан орталығындағы қан плазмасының  қоры 2,5 мың тоннадан аспайды. Дегенмен тапшылық бола қойған жоқ. Алайда биоматериалдың көп көлемде қажеттілігі туындай қалған жағдайда, мәселе өзекті болуы мүмкін. Түйіткілдің түйінін шешудің жолы қандай?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Ринат Жұмағұловтың донорлар қатарына қосылғанына көп болған жоқ. Ол хәл үстінде жатқан жақын туысына көмектесу үшін алғаш рет қан тапсырған. Содан бері ол бұл игі істң үздіксіз жалғауды азаматтық паразы санапты.

Ринат Жұмағұлов, донор:

- Екінші рет қан тапсырып жатырмын. Басым айналып жатқан жоқ. Септігімізді тигізіп, қан тапсырып жатқан жайымыз бар. Болашақта осы екі ай сайын келіп тапсыруға дайынбыз.

Қызылорда облыстық қан орталығында 22 мыңдай донор тіркелген. Олардың 800-і тұрақты түрде қан тапсырып тұрады. Мұнда күн сайын 100 донорды қабылдауға мүмкіндік бар. Алайда соңғы уақытта қан жинайтын кабинеттер көбіне бос тұрады екен.

Венера Садманова, облыстық қан орталығы директорының орынбасары:

- Мысалы 2019-2018 жылдары жылына 10 мыңға жуық донор ниеттеніп, оның ішінде 8 мыңнан аса донор қан тапсыруға жарамды болса, осы соңғы 2020-2021 жылдары қан тапсыруға ниеттенушілердің саны азайып, 2020 жылдың 5 айының өзінде бізде 4 мыңға жуық ниеттенген донор болатын болса, 2021 жылдың 5 айында 3300.

Бұл мекемеде иммундық плазмалар да дайындалады. Бұрын оны конго-қырым геморрагиялық безгегіне шалдыққандар үшін сақтайтын болса, өткен жылдан бері коронавирусқа шалдыққандарды емдеу үшін де пайдаланыла бастаған.

Рая Дәуітова, трансфузиолог дәрігер:

- Ковид ауруымен ауырып шыққан науқастарды алдын ала толық тексеруден өткізіп, титрі 3-тен жоғары болғанда біз олардан иммундық плазма дайындап бастаймыз. Біздің қорымызда қазіргі таңда 60 дозаға жуық иммунды плазма қорда тұр. Науқастарға берілуде. 

Індет өршігелі қанға деген сұраныс айтарлықтай көбейген. Ал қан тапсырушы донор қатары азайып отыр. Дегенмен, тапшылық жоқ. «Әзірге мекемеде ұйымдастырылатын түрлі акциялар аясында ғана қан қор жинауға мүмкіндік туып тұр», - дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхаммед Байділдаев

Хабар 24 телеарнасы