Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруде Өзбекстан тәжірибесі меңгерілмек

Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруде Өзбекстан тәжірибесі меңгерілмек

Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру. Көрші Өзбекстандағы тәжірибені қазақстандықтар да меңгермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан 3 жыл бұрын іргедегі көршілеріміз құрғаған теңіз табанына сексеуіл отырғызып, тұзды шаңның көтерілуін алдын алуға кіріскен. Қазір Арал теңізінің маңында 1 млн 550 мың гектар орман пайда болған. Өзбектердің бұл тәжірибесімен кеңірек танысуға Қарақалпақстанға Қазақстаннан бір топ делегация барды. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова бастаған мамандар өзбектердің жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, екі елге ортақ экологиялық проблеманы бірлесіп шешуге дайын екендіктерін жеткізді.

Әлия Шалабекова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Мен бұл жерге таң қалдым. Шынымен де ауқымды жұмыс атқарылған. Құрғаған теңіз табанына егілген ағаштардың көлемі таң қалдырарлықтай. Өзбек тарапының осындай жұмыстарының арқасында экожүйе қалпына келеді деген ойдамын.

Зиновий Новицкий, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:

- Бұл ауқымды жұмыс Өзбекстан президентінің тапсырмасы бойынша жүргізілді. Көптеген мемлекеттік органдар, жастар үлкен көмек көрсетті. Қазір жасыл желкен егілген аумақты өздеріңіз көріп отырсыздар. Бірнеше жыл өткеннен кейін біз экологиялық мәселені толық шешеміз деген ойдамын.