Ақтөбеде жыл басынан бері 4000-ға жуық донор қан тапсырған

Бүгін, 14 маусым – Дүниежүзілік донор күні. Ақтөбеде жыл басынан бері 4 мыңға жуық донор қан тапсырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандандырылған медициналық мекеме күніне 50 науқасқа қан мен плазма жөнелтеді. Қан қорын негізінен волонтер-донорлар толтырып отырады. Донор күніне орай белсенді жандар марапатталды. Ақтөбе қан орталығы тегін қан тапсырушылар саны бойынша өзге өңірлерден алда тұр. Мыңға жуық азамат тұрақты донор ретінде тіркелген. Олардың әрқайсысы жылына 20 жанды өлімнен арашалап алады.

Айта кету керек, биылғы жылы былтырмен салыстырғанда қанның құрамдас бөлігіне сұраныс 70%-ке артып отыр. Бұл жоспарлы операциялардың көбеюімен тікелей байланысты.

Нұрлан Үдербай, облыстық «Қызыл ай» қоғамының директоры:

- Донор болу оңай емес. Донор болу үшін гумандық, яғни, осы адамдарды аман алып қалу деген өзінде ұмтылыс болу керек. Осыдан кейін ғана олар донор бола алады. Өздерінің уақытына қарамай, өздерінің жұмысына қарамай келіп тапсырған донорлар. Соларға біз алғыс айтып, басымызды иейік деп қаншама адамды ана өмірден алып қалып, сол үшін міне ұйымдастырып отырмыз.

Сондай-ақ...