423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҰОС кезінде ерлікпен қаза тапқан батырдың сүйегі 80 жылдан соң елге жеткізілді

  • 185
  • UPD: 15:18, 14.06.2021
ҰОС кезінде ерлікпен қаза тапқан батырдың сүйегі 80 жылдан соң елге жеткізілді

Батырға туған жерден топырақ бұйырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлікпен қаза тапқан жауынгер Рапық Жәмішұлының сүйегі 80 жылдан соң елге жеткізілді. Етжақындары жаужүрек аталарын арулап, жер қойнына тапсырды. Рапық Жәмішұлы 1941 жылы майданға аттанады. Ол 868-ші атқыштар батальонының құрамында соғысқа қатысады. Соңғы келген хатында қатты жарақат алып, госпитальда жатқанын жазған. Содан бері хабарсыз кеткен. Арада 80 жыл өткен соң Ресейдің іздестіру тобы белгісіз солдаттың сүйегін тапты. Бос гильзаның ішіне салынған тілдей қағаздағы жазудың арқасында оның кім екенін анықтайды. Батырдың артында екі баласы қалған. Қызының жасы қазір 83-те. Ол із-түзсіз кеткен әкесін көп іздепті. Рапық Жәмішұлы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Бақты ауылында жатқан анасының жанынан мәңгілік мекенін тапты.

Еркеш Рапыққызы, Р.Жәмішұлының қызы:

- Қатты қырғын соғыс болғанда оқ тиіп мерт болған. Содан өзі жеке жерленген екен. Бомба түскенде басып қалған ғой. оны естігенде біртүрлі толқыдым. Шын ба, өтірік па деп.

Хабар 24 телеарнасы