424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда «Бейбітшілік» мөлтек ауданының жолдары жөнделе бастады

  • 137
  • UPD: 15:18, 14.06.2021
Көкшетауда «Бейбітшілік» мөлтек ауданының жолдары жөнделе бастады

Әзірге 5 көшеге ғана асфальт төселеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімдіктегілердің айтуынша, ол үшін бюджеттен 450 млн теңге қарастырылған. Жол құрылысы біткен соң келесі жылы 10 жерден аялдама қойылып, елді мекенде алғаш рет қоғамдық көлік жүреді. Жоба 2022 жылға дейін деп жоспарланған.

Айта кетейік, аталған шағын ауданның тұрғындары жол мәселесін 15 жылдан бері айтып келеді. 700-ден астам үй бар ауыл қаланың шетіндегі қырдың арғы бетінде орналасқан. Тұрғындар қыста қалың қардан, ал, көктем мен күзде батпақтан көз ашпайтын. Ал,ауданға автобус түгілі такси де келмейтін. Аталған мәселе біздің арнадан да бірнеше мәрте көтерілген еді. Енді шешімін табатын болды.

Күлшат Мағауова, қала тұрғыны:

- Осы ауданда міне, 12 жылдай тұрып жатырмыз. Бірінші бетте су да болмаған, жарық та болмаған. Енді жол мәселесі нашар болған. Бірнеше рет осылай телеарнадан келіп, «жасаймыз, істейміз», деп айтқан. Істелінбей жүрді, жүрді. Тәуба, енді істелініп жатқан көрінеді. Әрі қарай жалғаса берсін. Мұнда қаншама халық бар, оқушылар бар. Автобус жүрсе, халық бәрі риза болады ғой енді. Жолды түзесе осылай.

Хабар 24 телеарнасы