424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында 480 шақырымнан астам жол желісі жаңартылуда

  • 160
  • UPD: 15:24, 14.06.2021
Түркістан облысында 480 шақырымнан астам жол желісі жаңартылуда azattyq-ruhy.kz

Биыл Түркістан облысында жалпы ұзындығы 485,7 шақырым болатын 39 автожол жобасы жүзеге асырылмақ.

Мәселен, өңірде Кентау шаһарынан Түркістан қаласына барар 24 шақырым жол реконструкцияланбақ. Бұдан бөлек, жол учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша тағы 38 жоба қамтылған. 

Жыл қорытындысы бойынша жолшылар 326,7 шақырым жолды пайдалануға береді. Осылайша 2021 жылдың соңына қарай жергілікті жолдар желісінің нормативтік жағдайының үлесі 87%-ті құрайтын болады.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 725 км құрайды, оның 100%-і нормативтік жағдайда.

Хабар 24 телеарнасы