425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Анасы 7 млн теңгеге сатпақ болған нәресте балалар үйіне тапсырылады

  • 170
  • UPD: 18:55, 14.06.2021

Анасы 7 млн теңгеге сатып жібермек болған нәресте балалар үйіне орналастырылады.

Бала екі аптаға жуық пневмониядан емделген болатын. Осы аралықта ауруханаға ешқандай туысы іздеп келмеген. Сондықтан оны балалар үйіне жіберу туралы шешім шығады.

Дәрігерлердің айтуынша, бөбектің жағдайы қазір жақсы.

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт баласын сатпақ болған келіншек ұсталған еді. «Көкек ана» қазір тергеліп жатыр.

Жансая Орынбасарова, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы:

- Біз қаулы дайындаймыз. Негізі арнайы ресми құжат болады баланы орналастыру үшін. Сол құжаттардың кішкене кешігіңкіреп дайындалуына байланысты біз баланы бүгін орналастырайын деп жатырмыз. Баланың ешқандай туысы келген жоқ баланы алуға. Бізде мына қылмыстық іс қозғалып жатқаннан кейін баланы тікелей сол мекемеге орналастыруды дұрыс деп шештік. Сондықтан баланы қазір Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйіне орналастырудамыз.

Хабар 24 телеарнасы