Шымкенттің қан орталығы күніне 100-ден астам донорды қабылдайды

Шымкенттің қан тапсыру орталығына келушілердің саны бүгін күндегіден көп. Жалпы қан орталығы күніне жүзден астам донорды қабылдайды.

Алынған компоненттерімен 43 медициналық мекемені қамтамасыз етіп келеді. Тұрақты донорлардың ішінде жастардың қатары қалың. Қан өткізушілердің алдымен денсаулықтары толық тексеруден өткізіледі. Түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтап, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік беріледі.

Нұрлыбек Төлепов, қала тұрғыны:

- Қан тазарады. Рең тазарады. Жалпы менің айтатыным қазақстандықтарға қан өткізу керек. Бала-шағама да, семьяма да үйге барып айтамын осындай деніміз сау болып тұрса ауырып жатқан адамдарға көмектесу керек деп ойлаймын.

Аманкелді Нұрлыбаев, «Қан» орталығының директоры:

- Бүгін донорларымызды шақырып оларға алғыс айтып жатырмыз. Рахметімізді айтып жатырмыз. Кішкентай сыйлықтарымыз бар сол кішкентай сыйлықтарымызды беріп жұмыс жасап жатырмыз.