Қарағандыда қайырымды жандардың аялдамасы пайда болды

Қала тұрғындары автобус тұрағының павильонына киюге жарайтын, бірақ қажетсіз болып қалған киім-кешектерін тастап кетеді. Ал оны қажет деп тапқан кез келген аз қамтылған жандардың алып кетуіне болады. Мұндай науқанның бастамашысы кім екені белгісіз. Бірақ мейірімді жандар бұл идеяны қуана қолдай кеткен. Қала тұрғындары қазіргідей қымбатшылық қысқан шақта бұл аз қамтылған жерлестер үшін нағыз көмек боларына сенімді.

БЛИЦ:

- Акциялар болып, осындай бастамаларды жасауға болады. Осы жерге де алып келуге болады. Мысалы, сондай отбасыларды көретін болсаң үйлеріне де апарып беруге болады.

- Біздің ауданда аз қамтылған отбасылар аз емес негізі. Ең болмаса осылай көмектескен дұрыс деп ойлаймын.

- Көп балалы отбасылар бар. Қарт адамдарға да қажетті киімдер бар екен. Көптеген қажет емес бірақ киюге жарайтын дүниені қалдырып кетуге болады. Қайырымды іс жалғасын тапса жақсы болар еді.