Майтөбеге газ тартылады

Жамбыл облысындағы Майтөбе ауылына табиғи газ тартылатын болды.

2500-ге жуық халқы бар елді мекенге көгілдір отын жеткізу жұмыстарының алғашқы кезеңі басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Майтөбенің тұрғындары бұған дейін біздің арнаға шағымданған болатын. Жоғары қысымды желіден газ алатын арнайы станцияның жоқтығынан құбыр тартылмаған. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысына қаражат бөлініп, мердігер анықталды. Қазір Қаратау қаласында станцияның орны белгіленіп құрылысшылар жұмысты бастауға жауапты мекеменің рұқсатын күтіп отыр.

Қуандық Сатыбалдиев, ауыл тұрғыны:

207 пенсионер тұрады қарттар қатарына жататын. Жастарға да, бәріне де газ керек қой. Осы газды ертерек бізге жеткізсе. Сол орындалса уақытында. Соны тілеймін. Халық соны күтіп отыр.

Қайрат Серімов, Талас ауданы әкімінің орынбасары:

Бөлу станциясы Қаратау қаласында орналасқан. Қазіргі таңда осы Қаратау қаласына қосымша АГРС соғылып, осы газ құбыры әрі қарай өзінің деңгейінде газ қысымымен тартылады. 250-300 диаметрлі.