Қауіпсіздікті қадағаламайтын компанияларға 278 млн теңге айыппұл салынды

Соңғы 5 жылда елімізде қауіпті өндірісте қаза болғандар саны 16 процентке төмендеді.

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында хабарлады. Оның айтуынша, жарақат алғандар да айтарлықтай азайды. Аталмыш уақытта жазатайым оқиғалар салдарынан 564 адам зардап шекті. Оқиғалардың 20 проценті тау-кен металлургия орындарында, ал 10 проценті құрылыста тіркелді. Былтыр 15 мыңға жуық адам кәсіптік еңбек қабілетінен айырылған. Олардың жартысы жеңіл жұмысқа ауысып кетті. Зардап шеккендерге 15 миллиард теңге қаржылай көмек көрсетілді. Еңбек инспекторлары қауіпті кәсіпорындарды үнемі бақылауда ұстайды. Тек 2020-2021 жылдары олар 11 мыңнан астам заң бұзушылық анықтады. Компания басшылары қауіпсіздік шараларына аса мән бермейтін көрінеді. Салдарынан оларға 278 миллион теңге айыппұл салынды.

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...