Арал мәселесі: алдағы он жылда 1,1 млн га жерге сексеуіл отырғызылады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында Арал теңізіндегі жағдайды арнайы экспедиция зерттеп келгенін айтты.

Өсіп тұрған екпелерге тексеру жүргізілген. Ал Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу мәселесі Мемлекет басшысының да ерекше бақылауында.

Министрдің мәліметінше, 1990 жылдан бастап 2021 жылға дейін 195 мың гектар жерге 9% сексеуіл отырғызылды.

«Бірнеше апта бұрын арнайы экспедиция жұмыс істеп келді. Өсіп тұрған екпелерге тексеру жүргізілді. Табиғи жолмен өсіп тұрғандарды санағанда ауданы 337 мың га құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз сексеуілді отырғызу бойынша кешенді бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Алдағы он жыл ішінде (2021-2030) 1,1 миллион гектар жерге сексеуіл отырғызу жоспарлануда», – деді ол.