«Ашық» жобасы әуежайларда, теміржол вокзалдарында енгізіледі

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, халықтың вакцина алуын ынталандыратын пәрменді тәсілдер ойластыру қажет», – деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Сонымен қатар «Ashyq» қосымшасын енгізуді ұлғайту керектігін баса айтты.«Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан, қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бірінші кезекте бұл – вакциналаумен қамтуды ұлғайту. Вакциналауды одан әрі кеңейтіп, күн сайынғы қарқынын барынша ұлғайту қажет», – деді Асқар Мамин. Үкімет басшысы жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.