«Шарын» шатқалында қыз баланы құтқарған құтқарушылар марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен Шарын шатқалындағы 10 жасар қызды құтқаруға қатысқан 20 адам марапатталды.

Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің Гид-экскурсоводы Ернар Жүнісов Шарын өзенінің жағасында сел ағызған қызды бірінші болып байқады. Қазавиақұтқару АҚ Еурокоптер - 145 пилот-нұсқаушысы Андрей Бухал Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушысын құтқарылған қызбен бортқа алу үшін шапшаң өзгеретін ауа ағындары жағдайында жартас массивіне қауіпті жақындықта ілінуге тура келген кезде әуе кемесінде жоғары пилотажды көрсетті. Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Синяков баламен құтқарушыны өзен арқылы тасымалдау үшін тікұшақ шаңғысына қосарланған арқанды бекітіп, сақтандыру ұшын тастап ауа арқылы көтеру идеясына ие. Ал, жедел жәрдем қызметкерлері қызға медициналық көмек көрсетті.

Құтқарылған 10 жасар қыз дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін тікұшақпен Боралдай кентінің әуежайына жеткізілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті орындағаны үшін Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің гид-экскурсоводы Ернар Жүнісов, Алматы облысы ТЖД ЖҚЖ сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Синяков, Қазавиақұтқару АҚ Еурокоптер-145 пилот-нұсқаушысы Андрей Бухал марапатталды. Сондай-ақ, Ұйғыр ауданының ТЖБ бас маманы Ринат Аблемитов, РЖҚЖ құтқарушылары Мұқанғали Қабылов, Бейсенғали Дүйсебаев, Вячеслав Смолов, Салтанат Назимова, Бекжан Қарағушинов, Вячеслав Шегер, Юсуф Жакан, Біржан Байкулов, Мақсұт Серғазин, Любовь Ефремова алғыс хаттарға ие болды. Және де Ұйғыр ауданының жедел медициналық жәрдем бригадаларының 16/1 және 16/2 қызметкерлері Данияр Нүсіпалиев, Берікбол Мақтыбаев, Гүлнар Қожа, Яршат Махамбет, Ұлан Бағдатов марапатталды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі