«Ихсан – тәрбие негізі» кітабы жарық көрді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында «Ихсан – тәрбие негізі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл еңбекте Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары жазылған. Кітапта әрбір адамға аса қажет көркем мінезді қалыптастыру туралы түсіндірілген. Қазіргі таңда 5 мың данасы шығарылды. Жыл соңына дейін тағы 20-ға жуық кітап жамағат назарына ұсынылады. Салтанатты жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп қатысты.

 

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

– Жалпы ихсан іліміне келетін болсақ, бұл біздің ата-бабамыздың ұстанған ілімі. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз ұстанды, оны кеңінен елге насихаттады. Қазіргі таңда сол бабамыздың құрметіне шәкірттері сонау Түркия еліне барып, жалпы түркі елдерін біріктіруге үлкен қосуда Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың мектебі. Былтыр біз басқарма жанынан муфтият баспасын аштық. Оның мақсаты – қоғамға қажет діни әдебиеттермен қамтамасыз ету.