2025 жылға дейін ел аумағында 2 млрд ағаш отырғызылады

Оған бюджеттен 82 миллиард теңге қарастырылған. Жобаны қаржыландыру республикалық бюджетпен қоса жергілікті бюджет есебінен де іске асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаражатқа арнайы техника мен құрылғылар сатып алынады. Ал биыл жыл соңына дейін жаңадан 60 миллион түп ағаш егілмек. Сонымен қатар Аралдың Өзбекстанға қарасты аумағында 1,2 миллион гектар алқапқа сексеуіл егілген. Осы арқылы шаңды құйындардың зардабы тыйылмақ. Ал ағаш егілген орманды алқап интерактивті карта арқылы бақыланатын болады.

Ерлан Құтпанбаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

– Аталған жоба бойынша облыс әкімдіктері мен, министрліктердің кешенді жұмысымен бәрі жоспар бекітілді. Жұмыс жалғасуда. Санына келетін болсақ сексеуіл ағашы 610 млн дана, қарағай 555 млн дана, үйеңкі 193 млн дана, шегіршін 132 млн дана, қайың 100 мың данадан асады. Осы ағаштардың бәрін отырғызу биылдың өзінде 81,5 млн дана еліміздің орман қорында отырғызылды.