Павлодар әкімдігі краннан аққан көк суға қатысты пікір білдірді

Қазіргі уақытта ақау анықталған үйде таза су ағуда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Гагарин көшесі, 70 мекенжайындағы үйдің пәтерінде краннан көк түсті су ағып тұрғаны туралы жазба жарияланды.

Павлодар қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше, «Павлодар су арнасы» ЖШС қызметкерлері аталған үйге су берілуін тексеріп шыққан.

- Аталған шағын ауданда су құбырынан ешқандай ақау анықталған жоқ. Қызметкерлердің айтуынша, үйдің ішкі су жүйесінде ақаулар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол пәтерде таза, бояусыз су ағып тұр, - деді қалалық әкімдікте.

«Павлодар су арнасы» ЖШС аталған үйден судың санитарлық норма талаптарына сай келуін тексеру үшін сынамалар алынғанын хабарлады.

- Тексеру зертханада жасалды. Барлық көрсеткіштер таза. Су алынған кезде краннан таза, иіссіз және бояусыз су ағып тұрды. Аталған видео жалған және көрсетілген мекенжайға қатысты емес, - деді мекемеде.

Сондай-ақ мекеме өкілдері үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар (ПИК, МИБ және т.б.) жылу құбырларын тазалау кезінде тағамдық бояғышты қолданатынын атап өтті. Сол арқылы құбырлардың тесік жерін анықтайды. Ақаулар болса, бояғышы бар су жылу құбырынан үйдің ішкі су жүйесіне өтеді.

Сондай-ақ...