Елімізде 2,8 трлн теңгеге жалған шот-фактуралар жазғандардың жолы кесілді

Елде 2,8 триллион теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан 87 қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, жасырын жұмыс істеген 10 цехтың қызметі тоқтатылып, есепте жоқ 800 мың шөлмектен астам алкоголь өнімі тәркіленді. Сондай-ақ 96 заңсыз ойын мекемесі жойылып, заңсыз айналымнан 1200-ден астам ойын автоматы, терминалдар мен покер үстелдері алынды. Мұнай және мұнай өнімдері бойынша 40 заңсыз айналым дерегі анықталды. Мұны Президентке Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев «Айқын экономика» ұлттық жобасын іске қосу туралы бастаманы қолдады. Қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің «көлеңкелі сектордан» шығуын ынталандыру аталған бастаманың стратегиялық басымдығы болмақ.

Мемлекет басшысына «көлеңкелі» экономика деңгейін қысқарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Аталған міндет жүйелі әрі кешенді алдын алу шараларын әзірлеу және өткізу арқылы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы «Айқын экономика» ұлттық жобасын іске қосу туралы бастаманы қолдады. Қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің «көлеңкелі сектордан» шығуын ынталандыру аталған бастаманың стратегиялық басымдығы болып табылады.