СҚО-да екі ауданның әкімі қызметінен кетті

Солтүстік Қазақстан облысында екі ауданның әкімі қызметінен қуылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыртау және Есіл аудандарында қоныс аударушыларға арналған үйлер сапасыз салынған. Тағы 5 ауданның әкіміне тәртіптік жаза қолданылды. Облыс әкімінің орынбасары мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы да тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құрылыста кеткен кемшіліктер туралы мақала жарық көрген соң Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауқымды тексеріс жүргізілді. Деректер расталып, қатаң шара қолданылды.

Сондай-ақ...