17 маусымнан бастап елордадағы темір жол нысандары Ashyq арқылы жүзеге асады

Енді вокзалдарға шығарып салушылар мен күтіп алушылар кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

17 маусымнан бастап елордадағы темір жол нысандары Ashyq қосымшасымен жұмыс істейді. Кейін кезең-кезеңмен басқа де өңірлер қосылады. Жоба қазір пилоттық негізде жүзеге асып жатыр. Оған сәйкес «сары» және «қызыл» санаттағы жолаушылар вокзалға жіберілмейді. Ондай жағдайда билеттерін қайтарудың жаңа механизмі жасалған. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге бұл талаптың қатысы жоқ. Шетелдік азаматтарды төлқұжат нөмірі бойынша вокзал қызметкерлері тексереді.

Батырхан Әбдікәрім, вокзал кешенінің менеджері:

- Барлық жолаушылар кіреберістегі кодты сканерлеу арқылы вокзалға кіреді. Ол үшін бірнеше қосымшаны қолдануға болады. Смартфоны не Ashyq қосымшасы жоқ жолаушылар вокзалға келетін болса, онда ол кісілер ЖСН-ін біздің қызметкерлерге көрсетсе болды, ары қарай статусын тексеріп, айтып береміз.