Жекеменшік балабақшаларға бюджеттен қаржы бөлінбеді

Жеке меншік балабақшаларға республикалық бюджеттен қаражат бөлінбей жатыр.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мәлімдеп, Үкіметке сауал жолдады. Оның айтуынша, мұнда жұмыс істейтін мамандардың жалақысы өте төмен. Бұған дейін жауапты ведомстволар жеке меншік балабақшаларды бірқатар салықтан босатып, мемлекеттік тапсырыс беріп, түйіткілді шешуге бел буды. Алайда бұл шаралар айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Осы орайда депутат мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бөлінетін трансферттерді қадағалау қалай жүргізілетінін хабарлауды талап етті.