Қазақстанда коронавирустың үнді штамы тіркелген жоқ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, арнайы талдамалық зерттеулер тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Министр еліміздің денсаулық сақтау жүйесі әртүрлі сценарийлерге дайын деп сендірді. Қазір шекаралас елдердегі жағдай жіті бақылауда. Қазақстанға келетін кез келген мемлекеттің азаматтарына ПТР-тестсіз ұшуға тыйым салынған. Шекарада карантин қатаң.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Біз қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен кеңес жүргізіп жатырмыз. Енді бұл вирустың көптеген мутациялары болады. Сөзсіз әртүрлі штамдар пайда болады. Көрші елдерде түрлі штамдар бар. Сондықтан біз кез келген қауіп-қатерге дайын болуымыз керек.