424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ashyq жобасын пайдаланатын түркістандық кәсіпкерлер жұмыс уақытын ұзарта алады

  • 114
  • UPD: 15:23, 16.06.2021
Ashyq жобасын пайдаланатын түркістандық кәсіпкерлер жұмыс уақытын ұзарта алады

Түркістан облысында кәсіпкерлер арасында Ashyq жобасына қатысушылардың саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қосымшаның қатысушылары жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, жұмыс уақыты қосымша 2 сағатқа ұзартылып, келушілер санын 10% арттыра алады. Бүгінде өңірлік палатаға бес жүзге жуық кәсіпкерден өтінім келіп түскен. Қалалық әуежай қоғамдық орындардың арасында көш басында тұр.

Тимур Нақыпбеков, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Жасыл аймақта болғандығымыз кәсіпкерлер үшін өте қолайлы жағдай. Бірақ біз барлық кәсіпкерлік субектілерді Ashyq жүйесіне қосылуға шақырамыз. Сол арқылы заңды түрде өз қызметінің уақытын ұзарта алады.

Хабар 24 телеарнасы