424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайдағы жекеменшік мектеп тағы да карантин ережесін бұзды

  • 159
  • UPD: 15:23, 16.06.2021
Бурабайдағы жекеменшік мектеп тағы да карантин ережесін бұзды

Ақмола облысындағы жекеменшік мектеп карантин талаптарын бұзғаны үшін тағы да айыппұл арқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті берген мәліметке сүйенсек, Бурабайдағы бұл білім ошағы 14 маусым күні көпшілікті жинап, мектеп бітіру салтанатын ұйымдастырған. Аталған жиында сақтық шаралары мүлдем сақталмағандықтан, құзырлы орган мекемеге 670 мың теңгеден астам айыппұл салды.

Естеріңізде болса, бұл мектеп бұған дейін де осындай бұқаралық іс-шара өткізіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы