Ағартушы А.Байтұрсыновтың жеке басына қатысты тың деректер ашылды

Келесі жылы қазақстандықтар Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын атап өтеді. Қостанай облысындағы оның туған ауылы мерекеге қазірден бастап дайындалып жатыр. «Бабалар ізімен» экспедициясы қоғам қайраткерінің кіндік қаны тамған жерге барды. Ағартушының алғашқы махаббаты туралы тың деректерді де білді.

Бұл Ахмет Байтұрсыновтың туған ауылы Ақкөлдегі шағын музей. Мұнда ғалымның ғылыми еңбектері мен көшірмелері, кітаптары және фотосуреттері сақтаулы. Құнды естеліктердің қатарында ағартушының басынан өткен махаббат хикаясы да бар.

Бибіғанша Ахатова, Ақкөл ауылындағы А. Байтұрсынұлы музейінің меңгерушісі:

- Ахмет Байтұрсынов атамыз ауыл молдасынан хат танып, содан кейін Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ орта мектебіне барып оқиды. Сол жастық шағында мектепте окып жүргенде осы Ақкөл атырабындағы ата-бабалары ол кездегі Аққұм еліне көшіп жайлауласып болып жаз айларында барады. Сол жайлаулас болған елінде Бессары қыпшақ Бисембайқызы Іңкәр мен Ахмет атамыз кездесіп, бір-біріне ғашық болады. Ахмет атамыз окуын бітіріп, Орынборға кеткеннен кейін Ахмет Байтұрсынов пен Іңкәрдің аралары үзіліп кетеді. 

Арада бірнеше ондаған жылдар өтеді. Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» қозғалысының негізін қалауға елеулі үлес қосып, оның рухани көшбасшысына айналады. Бірақ тарихшылардың айтуынша, ол Іңкәрді есінен еш уақыт шығармаған. Өкініштісі, сол қыздың кейінгі тағдыры белгісіз. Тұрмысқа шыққан соң 1930 жылдардағы ашаршылықтан қайтыс болды деген нұсқа бар.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі:

- Сол кезде Аққұмда отырған елде арасында көп шығын болды. Бірақ екеуінің сезімі сондай күшті болды. Ахмет атамыз басына келіп құран бағыштаған Іңкәрдің. Іңкәрдің тағдыры қандай болғанын ешкім білмейді. Болжауымша, ол әрине тұрмысқа шықты. Іңкәрда сондай тағдырға душар болды. Ол да бір сүймеген адамына кете берді. 

Іңкәрға деген махаббаты ағартушының бірқатар шығармасына арқау болды. «Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты» деген өлеңін де арнады. 

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі:

- Ахмет Байтұрсынов сол Іңкәрді сондай жақсы көріп, сүйді. Іңкәр туралы өлең шығарған. Ол өлең Іңкәр туралы, Аққұм туралы айтылады. Бірақ кейде сол өлең халықтың өлеңі болып тарап кеткен жұртқа. Серік Тұрғынбеков деген үлкен ақын бар Торғайда. Оның поэмасы бар Іңкәр деген. Онда айтылады қыпшақтың Қитаба руының ішінде Бессарыдан тарайтын қыпшақтар кезінде Аққұм совхозы территориясында тұрыпты. Ол кезде Аққұм демейді.

Осынау махаббат хикаясы туристерге қызық болуы мүмкін, дейді жергілікті тұрғындар. Бірақ музей жаппай мейман қабылдауға әзірге дайын емес. Алаш арысы тұрған үйдің тек іргетасы қалған еді. Бастапқы көрінісі жоғалғандықтан осыдан бірнеше жыл бұрын қалпына келтірілген болатын.

Балғабай Қалиев, Ақкөл ауылының әкімі:

- Бірақ қазіргі күйінен өзгертіледі. Сосын енді тағы да жоспары бұл жерде күзетші болады, қарап тұрады. Оған бір үй салынады деген жоспар бар. 56 миллиондай қаражат іс-шарасы бар. Онын сыртында қаражат қаралатын шығар құрылыс бір 50 млн дегенмен бітпейтін деген ойдамыз. Үстіне қосылады деген ойдамыз. 

Қазір ақкөлдіктер ақыннан қалған әр естелікті көздің қарашығындай сақтап келеді. Тарихи нысанға электр желісін тартып, айналасына ағаш екті. Төңірегін көгалдандырды. Алдағы уақытта жол да салынады.

Авторлар: Мирлан Алтынбек, Динара Әбдірова

Сондай-ақ...