Цой ДСМ-дегі Біртановтың ісі бойынша құжаттарға қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Денсаулық сақтау министрлігі Біртановтың ісі бойынша кейбір құжаттарды бұрынғы министрдің қорғаушысына бермей қойған.

Ал ведомство министрі Алексей Цой бұл қауесетті жоққа шығарды. Министрдің айтуынша, бұл құжаттар тергеу аясында алынған. Бірақ көшірмелері жоқ. Осылайша Алексей Цой бұрынғы министрдің адвокатының қызметіне кедергі келтіргені үшін айыппұл төлеуі тиіс, деген сот шешіміне наразылық білдірді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Ақпарат толық тексерілмеген. Біріншіден, ешкім айыппұл салған жоқ. Әлі сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Басқа құқық қорғау органдары біздің министрлікке сұрау салса да, бізде барлық құжаттар қолжетімді емес.