Оралда бірнеше шағын аудан сусыз қалды

Оралда аптап ыстықта бірнеше ықшам аудан сусыз қалды. Мұндай келеңсіздік кәріз-сорғы станциясындағы апат салдарынан туындады.

Қазір тұрғындарға су көлікпен тасымалданып жатыр. Алайда ұзын сонар кезек пайда болып, адамдар тіршілік нәрін сабыла күтуге мәжбүр. Коммуналдық кәсіпорын апат орнындағы сарқынды суды сорып, істен шыққан құрылғыларды жөндеп жатыр. Инженерлік желінің қашан толық қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.

Данияр Оспан, қала әкімдігінің баспасөз хатшысы:

- Сумен жабдықтау тоқтатылды. Ол Қадыр Мырза Әлі шағын ауданы, Жаңа Орда шағын ауданы және Астана шағын ауданы. 4262 абонент сусыз отыр. Бірақ қазіргі уақытта бірнеше жерде суды жеткізу орындары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың қорытындысын кейінірек хабардар етеміз.

Сондай-ақ...