Риддер қаласында балалар ойнайтын аула сатылып кеткен

Балалар алаңының орнына гараж салынады. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында кәсіпкер ойын ауласына паркинг тұрғызайын деп жатыр. Бірақ құрылыс жұмыстарына іргелес 5 үйдің тұрғындары қарсы шықты. Жұрттың айтуынша, бұған дейін аула болған жер сатылып кеткен.

5 үйге бір аула. Әлихан, Даниил мен Ернұр бұл жерде күнде асыр салып доп тебеді. Енді оларға басқа алаң іздеуге тура келеді. Өйткені мұнда паркинг салынайын деп жатыр. 

БЛИЦ:

- Бізге осы жерге поле керек. Өйткені біз мына жерде футбол ойнаймыз. Басқа да ойындар. Осы жерде гараж жасаса, біз ойнай алмай қаламыз. Одан кейін қалай біз телефонда отырмаймыз?!

- Мы не хотим, чтобы тут были гаражи! Мы хотим, чтобы у нас было нормальное поле! У нас даже площадки нет нормальной! 

Балалардың бұл сөзіне ата – аналар да қосылады. Бұл осы маңдағы отбасымен ойнап серуендейтін жалғыз жер. Енді одан да құр қалайын деп тұр. Кәсіпкер аула аумағын 2007 жылы сатып алып, 50 көлікке арналған паркинг салмақ. Әзірге құрылыс алдында ағаш кесуге келген жұмысшыларға жергілікті тұрғындар қарсы шықты.

- Как могло государство продать частному лицу двор?! К частному лицу претензий нет, он может делать, что хочет, на своей территории. Кто мог продать вот это?

Бір қызығы, жер сатылғанда тұрғындардан ешкім де рұқсат сұрамаған.

Любовь Амраина, Риддер қаласының тұрғыны:

- Бұл барып тұрған бассыздық. Жер бізге айтылмай сатылған. Мен мұнда 2003 жылдан бері тұрамын. Содан бері 3 рет гараж саламыз деді. Екі рет болдырмадық. Бұл жолы да болдырмаймыз.

Әлібек Әсетов, Риддер қаласының тұрғыны:

- Бұл жақта онсыз да автотұрақ көп. Жергілікті билік өкілдерінен жерді алып қойып, Риддер қаласының жер қорына тапсыруды талап етеміз. Және айналаны абаттандырып, балалар алаңын тұрғызуды сұраймыз. Біз оны 15 жыл күтіп келеміз.

Қала әкімі бұл мәселені жіті зерттейміз деді. 

Дмитрий Горьковой, Риддер қаласының әкімі:

- Қазір құрылыс тоқтатылды. Мемлекеттік сәулет – құрылыс басқармасына сұрау салдық. Олардың жауап алған соң, нақты шешім қабылдаймыз. 

Кәсіпкердің өзімен хабарласа алмадық. Телефон тұтқасын көтермей қойды. Тұрғындар паркингпен қатар балалар алаңқайын да бірге салсын деп отыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Әнель Есенбердина, Жігер Бабақанов