Жеңіс Нұрғалиев еліміздегі денсаулық сақтау саласын сынға алды

Президент тапсырмалары уақытылы орындалмай жатыр. Бүгін бір топ Сенат депутаты Денсаулық сақтау министрлігіне шүйлікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, жауапты ведомство емдеу мекемелерін медициналық жабдықтардың жеткілікті қорымен қамтамасыз етпей келеді. Мемлекет басшысының тарапынан бұл тапсырманың берілгеніне біраз уақыт өтті. Алайда, әлі күнге шейін оттегі аппараттары, электрлі кардиограф, жеке қорғаныш құралдарының қоры жаңартылған жоқ. Қазір ауруханада тұрғандары әбден ескірген. Сондай-ақ дәрілік заттарды сатып алу рәсімдері жеңілдетілмей отыр. Сондықтан сенатор Жеңіс Нұрғалиев егер елде төтенше жағдай тағы орнай қалса, мұндай қарқынмен оған дайын болуымыз екіталай екенін айтты.