ШҚО-да ұлттық халық санағының алғашқы кезеңінде үй-жайлардың 50%-і қамтылды

Шығыс Қазақстанда ұлттық халық санағының алғашқы кезеңінде мамандар үй-жайлардың 50%-ін санап үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауапты науқанға 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Сондай-ақ 70 нұсқаушы-бақылаушы жұмыс істейді. Sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылды. Тұрғындар мұнда ыңғайлы уақытында кіріп, сауалнамадағы 87 сұраққа онлайн жауап бере алады. Болмаса, дәстүрлі форматта сұхбатшылар үй-үйді аралайды. Олар қажетті құрал жабдықпен толық жабдықталған.

Ерназ Нұрланов, облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары:

- Бізде барлығы электронды жүйеде өтеді. Әр санақшы бір үйді аралағаннан кейін онлайн жүйесіндегі автоматты түрде біздің базаға түседі. Біз сол жерде санақшы дұрыс жауап берді ме? Базадан көріп отырамыз.

Адина Шағаланова, интервьюер:

- Қазіргі бірінші кезеңде 1 маусымнан 30 маусымға дейін маған әр маманға 1200 үйден берілген. Қазір мен 600 үйді өтіп қойдым. Адамдардың бәрі хабардар. Халық санағы жүріп жатқанын біледі. Жақсы қарсы алады.

Сондай-ақ...