Сенаторлар халықты еңбекпен қамту көзбояушылыққа айналғанын әшкереледі

Сондай-ақ сенаторлар «Еңбек» және «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында халықты еңбекпен қамту көзбояушылыққа айналғанын әшкерелеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтің есеп беруі кезінде сенатор Динар Нөкетаева жұмысқа орналастырудың жалған деректерін келтірді. Ол зейнетақы төлемдерінің аударымын талдау кезінде 119 мың адамның қағаз жүзінде ғана жұмысқа тұрғанын анықтаған. Ал іс жүзінде ешқайсысы да қызмет етпейді. Әсіресе, мұндай жағдайлар Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстарында жиі кездеседі.