424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баянауылда зәулім саябақ ашылады

  • 133
  • UPD: 14:47, 17.06.2021
Баянауылда зәулім саябақ ашылады

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қоғамда бірқатар сауалдар туындатқан Баянауылдағы Олжабай және Жасыбай батырларының ескерткіштерін салуға қатысты өз ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген өңір басшысы батырлар ескерткіштерін ашу бастамасы аудан белсенділеріне тиесілі екендігін жеткізді.

- Ауданның жазушылары, мәдениет пен өнер қайраткерлерінен Баянауыл кентінде Олжабай мен Жасыбай батырларына ескерткіш салу туралы ұсыныс түсті, - дейді Әбілқайыр Сқақов. – Біз ол жобаны екі кезеңге бөлдік: бірінші кезекте биыл Баянауылда жалпы ауданы 2,8 гектарлық саябақ ашамыз. Әрі қарай оны дамыта түсеміз. Аудан тұрғындарының көпшілігі бұл жобаны қолдайды.

Әбілқайыр Сқақов аудан орталығын ауыз сумен қамту мәселесі де жақын арада шешілетінін жеткізді. Қазіргі кезде Баянауылда суға қолы жетпей тұрған 222 үй бар. Бұл кенттің үлкен жартастың үстінде орналасқанына байланысты, яғни оны тесіп, құбырлар орнату аса ауыр жұмыс.

Дегенмен облыс басшысының айтуынша, 2021 жылдың ішінде ауыз су аудан орталығының барлық үйіне тартылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы