Елімізде құлағы естімейтін бала көбейді

Соңғы жылдары құлағы дұрыс естімейтін бала көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер дабыл қағып отыр. Ауруды ерте бастан анықтаған жағдайда есту қабілетін қайтаруға болады. Ол үшін сәбидің 2-3 жас шамасында емді бастаған жөн. Алматыдағы әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы жылына 5 рет ұйымдастырады. Бүгінде үшінші маусымын өткізуде. Қазір қаладағы шипажайлардың бірінде 30-ға жуық бала ата-анасымен бірге кешенді ем алып жатыр. 

Анжела Саякова, «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМК департамент директоры:

- Құлағы нашар еститін балалар оңалтудан өтпей болмайды. Біз мұнда олардың ата-аналарымен де жұмыс істейміз. Яғни, психологиялық тұрғыдан болсын, әлеуметтік жағынан болсын қандай қолдау көрсету керектігін айтып түсіндіреміз. Бұлар ерекше балалар. Қазір инклюзивтік білім беру жақсы қолға алынып жатыр ғой. Біздің балалар да жалпы білім беретін мектепте білім алып жүр. Бұл осындай қыруар жұмыстың нәтижесі.

Бауыржан Қонысбаев, Қостанай облысының тұрғыны:

- Немерем туғанда 6 айында біз білдік естімейтінін. Ары қарай емханаға бара бастадық. 5 жасында операция істеді. Астана қаласында 2019 жылы құлағына кохлеар салды. Қазір Құдайға шүкір, естіп кетті. Шауып жүр. Мында келіп отырмыз. Ата-ана ретінде рахмет айтамыз. Мұнда да жұмыс істеп жатыр мамандар.