БҚО-да 35 бизнес нысаны Ashyq қосымшасынан шығарылды

Батыс Қазақстан облысында 35 қоғамдық тамақтану орны Ashyq мобильді қосымшасынан шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар ашық жобасына тек 2 аптадан кейін ғана қосыла алады. Аталған мобильді қосымшаның көмегімен келушілердің жағдайы тексеріліп, 50% толымдылығымен түнгі 02:00-ге дейін жұмыс істеу мүмкіндігі туған еді. Ал, әрбір клиентті жіті тексеріп, талаптарды қатаң сақтаған үлгілі кәсіпкерлер қосымша бонустармен марапатталмақ.

Нұржан Мақсотов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Бүгінгі күні біздің облысымызда 22 кәсіпкерлік объектісі осы Ashyq қосымшасына сәйкес ең жоғары деңгейде жұмыс жасайтындар болып анықталды. Олар «жасыл аймақтағы» облыстарға тән ерекшеліктерге жеңілдіктермен жұмыс істейді. Сонымен қатар барлық жұмыс кестесіне қосымша 2 сағат қосылады. Сонымен қатар өздерінің объектілеріне адамдарды сыйғызу 10%-ке дейін ұлғайтылады.

Сондай-ақ...