424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирус жұқтырудың негізгі орындарын атады

  • 124
  • UPD: 15:55, 17.06.2021
Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирус жұқтырудың негізгі орындарын атады Zakon.kz

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында соңғы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша азаматтардың 90% коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болуы екенін айтты.

Бұрынғыдай қоғамдық орындарда жұқтыру қаупінің жоғары - 49%, отбасыларда - 22%, ал қоғамдық көлікте - 18%.

Көбінесе 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтардың 33%, 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтардың 28%, ал 60 жастан асқандардың 25% жиі ауырады. Осы жас санатындағы азаматтар барлық науқастардың 86% құрайды.

Ж.Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды: жабық бөлмелер мен адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде тағуды, сондай-ақ сапарға жиі шығудан, адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға барудан аулақ болуды ескертті. Аурудың алдын алудың маңызды шарасы – гигиена, әсіресе қолды таза ұстау.

Сөзінің соңында Ж.Бекшин қала тұрғындарын белсенді түрде вакциналануға шақырды. Ол адамдардың қауіпті инфекциядан қорғайтын вакцина алмаса, аурудың азаймайтынын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы