Алматыда 200-ден астам вакциналау пункті жұмыс істеп тұр

Алматыда 19 маусымнан бастап бизнеске бірқатар жеңілдік беріледі. Оған тұрғындардың 23 процентінде коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы себеп.

Қалада ақпаннан бері 357 мың 500-ге тарта адам екпе салдырған. Қазір шаһарда 200-ден аса вакциналау пункті жұмыс істеп тұр.

Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, қазір шаһардағы бизнес нысандарын Ашық қосымшасына қатысушылар мен қатыспаушылар деп екіге бөлген.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Біз бірікпесек ешқандай мақсатқа жете алмаймыз. Бұл қаладағы 7 мың адам екпе алуы керек. Үлкен нәтиже. Біз өткенде 6 мың адамды ектік. Бірақ бұл жұмысты белсенді жүргізу керек. Ең дамыған елдер екпеге мән беріп жатыр. Олар ең кем дегенде халықтың 50 проценті егілген. Біз де дамыған елміз, адамдарымыз білім жетеді. Біз де соған жетуіміз керек.